Accessibility links

Жаңа жылдан Парламент Мәжілісі жұмысын жаңа ғимаратта жалғастырады.


Түріктің «Аксел» құрылыс компаниясы салған 22-і қабатты Парламент Мәжілісінің жаңа ғимараты жиырма сегіз мың шаршы метрді құрайды.. Қазақтан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың айтуынша, Есілдің сол жағалауында орналасқан жаңа қалада салынып жатқан мемлекттік мекемелер ғимараттарының бас сәулетшісі -Қазақтан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: -Елорданың сәулетшісі де, құрлысшысы да шетелдерден тегін грант алып қаржыландырылған да елбасы.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан Мемлкет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс депутаттарын бір пікірді ұстнауға шақырды. -Қоныстарыңыз құтты болсын. Саясаттың мәдениетін орнататын ғимарат болады бұл. Парламентте депутатардың пікірлері де әртүрлі болуы мүмкін.Праламентке қоғамдағы пікірлерде келуі мүмкін. Бірақ мәжіліс депутаттарының пікірі бір болып, ел үшін қызмет етеді деп ойлаймын. Парламент Мәжілісінің жаңа ғимаратының құрылысна көңілі толған Мәжіліс депутаты Зәуре Қадырова өз қуанышын былай жеткізді. -Астана ай сайын,күн сайын көркеюде. Осы қала Астана болады дегенге сенбеп едім. Парламент Мәжілісінң депутаты Болат Әбішевтің айтуынша, мәжіліске салынған жаңа ғимаратқа қаржы республика бюджетінен бөлінді. Ал Сенат үшін салынып жатқан ғимарат сауд арабиясы әмірлігінң грантына тұрғызылуда. Жалпы Парламент Мәжілісінің бой көтерген жаңа ғимараты көңілімнен шықпады дейді депутат Әбішев. -Сенаттың ғимараты 15 млн долларға салынып жатыр. Ал Мәжілістің ғимараты 10 млн долларға салынды. Қаржы бюджеттен бөлінді. Маған мәжілістің жаңа ғимараты құрылысы көңілімнен шықпады. Осы ғимаратты салған түрік компаниясы сапасыз салған. Парламент Мәжілісі ғимаратының құрылысы 2001 жылдың қараша айында басталған болатын.
XS
SM
MD
LG