Кеше Кувейт армиясы әмірліктегі “дос елдің күштеріне” қарсы шабуылдарды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ жауынгерді тұтқындады. Армия өкілі Юссиф Әм-Малланың сөзін келтірген кувейттік Куна агенттігінің хабарлауынша, күдіктілерді барлау қызметінің өкілдері тергеп, тергеуден соң ұсталғандардың кейбірі босатылған. Алайда, қауіпсіздік қызметінің аты-жөнін атамаған өкілі АҚШ күштеріне қарсы қастандық ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 1 апта бұрын армияның жоғары шенді 8 өкілі мен қызметкерінің тұтқындалғанын атап көрсетті.