Кең көлемдегі көмектерді жеткізуде қиындықтар да кездесіп жатады. Индонезияның Суматра аралындағы Асех провинциясындағы қаза болғандар саны тағы бірнеше мыңға өсе түсуі мүмкін,-дейді БҰҰ-ның Төтенше жағдайлар бойынша көмектерді үйлестіруші Жан Игланд. Асех провинциясын шолып өткеннен кейін, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел апат салдарлары жөнінде былай деді: “Мен соғысты көргенмін, түрлі құйындар мен дауылдардан, торнедолардан кейінгі көмек шараларына қатысқанмын. Бірақ ешқашан мынандай жағдайды көрген емеспін. Банда Асех үстімен ұшып өткенде толқындардың жағалаулардағы барлық нәрсені қалай қиратып өткенін көрдім”,-деді Пауел мырза. Цунами салдарынан қаза болғандар саны 150 мыңға жетіп отыр. Халықаралық қауымдастық болса 2 миллиард пен 3 миллиард доллар аралығында көмек беруге уәде етуде. 10 мыңнан аса, негізінен еуропалық туристер қаза болған немесе жоғалғандар тізімінде тұр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?