Accessibility links

Цунамиден 440 британ азаматы қаза болса керек


Үнді мұхиты цунами апатында Британия тарапынан шамамен 440 азамат қаза болуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні Таиландтың Пхукет курортында Британия сыртқы істер министрі Джек Стро мәлімдеді:

- Аймақта 49 британ азаматы қаза тапты деген нақты мәлімет бар. Олардың ішінде үшеуі Мальдив аралдарында және оны Шри Ланкада қаза тапты. Бұған орталық полиция мекемесі есептеген 391 азаматты құрбан деп қосуға әбден мүмкін көрінеді.

Таиландта Пхукет демалыс орнының жанында қаза тапқан бес мың азаматтың жартысы шетелдік туристер. Швеция мен Германия адам шығындарына тап болып отыр. Барлығы 11 елдің азаматтары цунами ажалына ілінді.
XS
SM
MD
LG