Accessibility links

Ирақта украиналық 7 және қазақстандық бір солдат қаза болған


Тағы 7 украиналық және 4 қазақ солдаты жараланған. Украина Қорғаныс министрлігінің айтуынша авиациялық бомба тиеліп жатқан кезде осы қайғылы оқиға орын алған екен. Ал, Юсуфия қаласында бомба тиелген көлік Ирақтың полиция және әскери бекетіне барып соқтыққан. Екі полиция және екі қарапайым тұрғын қаза болған екен. Самарра қаласында полиция басшысы Мұхамед әл-Бадри өз көлігінде келе жатқан кезінде атып өлтірілген. Сондай-ақ, жол жиегіндегі бомбалық жарылыстан америкалық бір солдат қаза болған. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Найробиде сөйлеген сөзінде: “Коалицияның әскери қысымы, Ирақ тарапынан әскери қысымның күшейе түсуі және сайланып қойылған өкімет бәрі бірлесе келіп көтерілісшілерді жеңеді деп сенемін. Бірақ сол жеңілісіне дейін көтерілісшілердің өз әрекеттерін жалғастыра беретіндігі жөнінде біз білеміз,”-деді.
XS
SM
MD
LG