Accessibility links

Филиппиндегі ислам сепаратистері ресми билікпен арадағы бітімді тағы да бұзды


Жексенбі күні күн бата Филиппин елінің оңтүстігінде өзара қақтығыста 13 мұсылман сепаратисі мен үкімет армиясының 8 жауынгері қаза болды. Түнгі шайқас бүгін де жалғасып, жергілікті мыңдаған халық баспаналарын тастап жан-жаққа қашты. Филиппин армиясы өкілінің хабарлауынша, Магуинданао өлкесіндегі шабуыл ешкім күтпеген күтпеген жерден болған. Өйткені, осыдан бірнеше апта бұрын Моро атты Ислам азат майданы тобы мен Филиппин үкіметі екі арадағы бейбіт келісімді келесі айда қайта жалғастыруға уағдаласқан болатын.
XS
SM
MD
LG