Accessibility links

А.Айтматов (Қырғызстан): “Парламент немесе президент сайлауы барысында “мақпал төңкерісін” туғызатын ешбір негіз жоқ


Қырғызстанның сыртқы істер министрі Асқар Айтматовтың бүгін мәлімдегеніндей, алдағы парламент немесе президент сайлауы барысында “мақпал төңкерісін” туғызатын ешбір негіз, не себеп жоқ. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, А.Айтматов ресми билік алдағы сайлаудың заң жүзінде өтуіне тосқауыл болатын кез-келген кедергіні болса да жоюға күш салып жатыр деп мәлімдеген. Қырғыз министрі, сондай-ақ, оппозицияны елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға шақырған. Қырғыз оппозициясы сайлауға бұрынғы елшілер мен оппозиция лидерлерін жіберуді және сайлауды әділ де ашық өткізуді талап етіп, бүгін Бішкекте үшінші күн қатарынан наразылық шеруін өткізуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG