Бүгіннен бастап Италияда бірінші кезекте түнгі клубтар, мейрамханалар мен бар сынды қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салатын заң күшіне енді. Заңды бұзған темекі тартушыларға 275-тен 2 мың еуро мөлшерінде ақшалай айыппұл салынады. Бастапқыда аталмыш заңды 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу жоспарланған, бірақ ресми билік Жаңа жыл мерекесінің шырқын бұзбас үшін 10қаңтарға қалдырды. Дәл осындай заң Норвегияда, Ирландияда қабылданып, енді Ұлы Британия мен Швецияда және Португалияда қабылданбақшы.