Accessibility links

Ирақта қантөгіс толастамай, бүгін тағы 6 кісі, оның ішінде Бағдад полициясы бастығының бірі қаза болды


Ирақ астанасында қала полициясы бастығының орынбасары мен оның полицимяда қызмет істеген ұлы оққа ұшты. Олар автокөлікпен қызмет орнына келе жатқан кезінде оқтың астында қалды. Бағдадтың басқа ауданында полиция кеңсесінің жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, одан 4 кісі қаза болды. Ирақтағы көтерілісшілер коалициялық күштермен ынтымақтастқан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін аяусыз өлтіретіндерін әлдеше рет ескертті.
XS
SM
MD
LG