Accessibility links

Й.Фишер (Германия): “Менің ойымша, Оңтүстік Азия елдерінің қарыздарын АҚШ-ты қоса алғанда, Ұлы Британия мен басқа елдер де кешіруге дайын”


Бүгін БҰҰ-ының Бас хатшысы 26 желтоқсандағы табиғат апаты жайпап өткен елдерге сапарын одан әрі жалғастырып, Малдив аралдарын аралап жүр. Мұхит табанындағы зілзаладан туған мұхит толқыны шайып өткен Мальдивке қарайтын кем дегенде 9 аралда адам тұруға жараймайды. Табиғат апатынан Үнді мұхиты аймағындағы елдерде кем дегенде 156 мың құрбан болды. Бүгін Джакартада Германияның сыртқы істер министрі Йошка Фишер Индонезия президенті Сусило Юдхонойомен кездесуінен соң Берлин осы елдердің қарыздарын кешіруге дайын деп мәлімдеді. Оның пікірінше, АҚШ-ты қоса алғанда, Ұлы Британия мен басқа елдер де кешіруге дайын. “Ол мәселені ашық түрде несие берушілердің “Париж клубында” талдап оң шешім қабылдауға болады”, -деп ойын қорытты Й.Фишер. “Париж клубының” кезекті жиыны сәрсенбі күні өтеді
XS
SM
MD
LG