Бүгін көтерілісшілер Бағдадта полиция басшылығының өкілі мен оның ұлын атып кетті және бомба орнатылған автокөлікпен полиция кеңсесіне жасалған шабуылдан тағы 4 полицей көз жұмды. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадта АҚШ-тың соғыс техникасы жол бойына орнатылған бомбаға жарылып, 2 американ жауынгері қыршын болды. Жалпы соңғы айларда Ирақтағы көтерілісшілер 30 қаңтарға тағайындалған сайлауды өткізбеу үшін жергілікті билік пен полицияның талай өкілін атып кетті. Онымен қарама-қатар Ирақ үкіметі АҚШ армиясы мен Ирақтың қауіпсіздік күштерінің бірлесіп бүкіл елде жүзеге асырған операциясында 147 партизанды қолға түсіргенін хабарлады. Бүгін, сондай-ақ, Ирақтағы сүнни мұсылмандарының көсемдері алдағы сайлау тақырыбын талдау үшін АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесті.