Accessibility links

Астана океанариумындағы акулалардың бір түрі ұрпақ әкелді


Мұхиттан 3000 қашықтықта орналасқан океанариум - Астананың жасанды мұхит хауызында алғаш рет "мысық акуласы" дүниеге ұрпағын әкелді.

Мамандардың айтуынша, акулалар өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тұқым шаша бастаған. Мұхит мақұлықтары 3 миллион литр суға 120 тонна тұз салынған жасанды ортада тіршілік етіп жатқандықтан мамандар мұны аса шетін жаңалық ретінде бағалайды.

Астана океанариумында бүгінде 2000-ға жуық теңіз мекендеушілері бар. Солардың арасында қырыққа жуық акула да тіршілік етеді. Океанариум қызметкері Әлібек Қосымовтың айтуынша, солардың «мысық акула» деп аталатын түрінің аналығы шығарған жұмыртқадан алғаш рет кішкентай акула дүниеге келген. Олар бірінші жұмыртқасын қыркүйек айында әкелген.

Кішкентай акула қаңтардың 10-ы күні жұртшылық тамашалайтын жалпы бассейнге шығарылған. Маркетинг қызметінің басқарушысы Нұржанат Бәкееваның айтуынша, жалпы океанариумда «мысық акуланың» 3 аналығы, 6 аталығы бар екен.

- Бүгінде жалпы санын 40-қа жететін акулалардың 5 түрі бар. Қазірдің өзінде жұмыртқалайтын акулалар 10 кішкентай акула әкелді. Соларды қазір жалпы бассейнге шығарып отырмыз, - дейді океанариум қызметкері.

Астана океанариумы балықтардың өмір сүруіне зиянсыз материалдардан жасалып, әрқайсысының сыйымдылығы 200 мың литр болатын 6 сүзгімен қамтамасыз етілген. Үлкен аквариумдардан құрылған жасанды мұхит қауызы 70 метрлік қозғалатын жолмен жабдықталып, 7 сантиметрлік қалыңдықтағы акрилдық шыныдан жасалған. Бүгінде океанариумда 100-ге жуық су жануарының 2000-нан астам түрі мекендейді.

- Бұл жаңалық бүгінде акулалардың қолдан жасалған жасанды аквариумдарда көбеюіне мүмкіндіктің бар екендігін дәлелдеп отыр, - дейді Астана океанариумы маркетинг қызметінің басқарушысы Нұржанат Бәкеева.
XS
SM
MD
LG