Accessibility links

Бүгін “Париж клубы” Парижде табиғат апатынан жапа шеккен Оңтүстік Азия елдерінің берешектерін төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін талдайды


Бүгін несие беруші елдердің ұйымы – “Париж клубы” мүшелерінің өкілдері Парижде бас қосып, табиғат апатынан жапа шеккен Оңтүстік Азия елдерінің берешектерін төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін талдайды. Оның ішінде цунами толқынынан 105 мың халқы қырылған Индонезияның берешегіне ерекше ден қойылады деп күтілуде. Францияның экономика министрі атап көрсеткендей, Индонезияның 3 млрд. доллар қарызын өтеуі кейінге қалдырылмақ. Кеше Женевада өткізген баспасөз-маслихатында БҰҰ-ының гуманитарлық көмек мәселесіне жауапты өкілі Ян Эгеланд 60-тан аса елдің цунамиден жапа шеккен 5 млн. халыққа 4 млрд. доллардың көмегін беруге міндеттеме алғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG