Accessibility links

В.Янукович Украинадағы президент сайлауының ресми нәтижесін бұзуды талап етіп еуропалық сотқа шағымдануы мүмкін


Украинаның Орталық сайлау комиссиясы В.Ющенконы президент сайлауының жеңімпазы деп ресми түрде жариялады. Оның қарсыласы - В.Янукович бүгін сайлау нәтижесін жойып, қайта дауыс беруді тағайындауды өтініп Жоғарғы сотқа шағымын тіркеуге тиіс. Әзірше Жоғарғы сот В.Януковичтің барлық арызын кейін қайтарып келді. Кеше В.Янукович: “Егер Украинаның Жоғарғы соты өзімнің шағымымды қанағаттандырмайтын болса, онда адам құқықтары бойынша Еуропа сотына жүгінемін және қайта дауыс берудің мен қорытындысын ешқашан мойындамаймын”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG