Алайда ол қай аудандар екендігін бас министр баспасөз өкілдеріне ашып айтпады. АҚШ генералы "қауіпсіз деуге келмейтін ол 4 аймақта суннит арабтары тұратынын" жеткізген.
Дегенмен АҚШ және Ирақ ресмилері бұл сайлаудың белгіленген күнде өтетіндігін сеніммен айтып отыр. АҚШ президенті Джордж Буштың өзі өткен аптада бас министр Аллауиге 3 рет телефон шалып, алдағы сайлаудың уақытында өтуі жөнінде анықтап алған. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд бұл сайлау "Ирақта жалпы халықтың даусымен сайланған заңды үкімет үшін қажет" екендігін атап көрсеткен.
– Одақтастардың мақсаты – Ирақта ел азаматтарының өзі басқаратын, қауіпсіздік күштерінің қолдауымен тұрақтанатын жаңа үкімет құру. Бұл бағытта өтпелі кезең үкіметі мен Ирақ халқы біршама табысқа ие. Бірақ әлі де болса атқарылар шаралар бар, – деді Рамсфелд.
АҚШ ресмилерінің айтуынша, "халықты бүлікшілдерге қарсы бағыттау үшін халық қолдайтын үкімет қажет". Сонда ғана қауіпсіздік күштері бүлікшілдерді жоя алады дейді олар. Бірақ Ирақтағы кейбір аймақтар дауыс бермеуі мүмкін деген ойлар Ирақ пен АҚШ-та, бәлкім сайлауды кейінге қалдыру керек шығар деген дауды қоздатып жіберді.
АҚШ-та шығатын "Нью Йорк таймс" газеті сәрсенбі күнгі санында қазіргі жағдайда "араб сүннилері Ұлттық ассамблеядан орынсыз қалуы мүмкін, сондықтан сайлауды кейінге қалдырған жөн" деп жазған. Газет мақаласында "сайлауды 2-3 айға қалдыру, әрине, барлық қауіпсіздік мәселелерін шешіп тастай қоймас, бірақ сүннит арабтарының мүддесі, алаңдаушылығы ескерілді" деп жазылған. Өткен айда сунниттердің исламшылдық партиясы "қауіпсіздік шаралары біздің сайлаушылардың дауыс беруіне кедергі болады" деген желеумен науқаннан бас тартқан болатын. Сондай-ақ, бірқатар суннит қауымы жетекшілері сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Олар үкімет билігі көпсанды ирақ шииттеріне өтіп кетеді деп күдіктенеді.
Швециядағы демократия және сайлау көмегі институтының сарапшысы Бераменди-Хайненің айтуынша, халықаралық қауымдастық кейбір кемшіліктерге қарамастан Ирақтағы ол сайлауды шартты түрде қабылдауы мүмкін. Бірақ ол кемшіліктер техникалық мәселе деңгейінде болуы керек дейді сарапшы.
- Еркіндік мәселесіне келгенде біз сайлаушының дауыс беруде тәуелсіз, еркін болуын, пікір айтуда, жиындарға қатысуға еркін екендігін сезіндіруіміз қажет, - дейді сарапшы.
Вашингтонның өзінде де Ирақтағы бұл сайлау "талап деңгейінен төмен болып өтуі мүмкін" деген пікірлер естіліп жатыр. Ақ үйдің бір өкілінің айтуынша, "ешкім де ол сайлаудың тамаша өтетіндігіне сенбейді". Бірақ, АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдтің айтуынша, "Ирақта мұндай сайлауды өткізудің өзі үлкен табыс" болмақ.
- Сайлаудың 200 кісілік тізімінде Ирақтағы халықтардың түрлі тайпа өкілдері тіркелген. Сондықтан жаңа үкімет көп өкілді үкімет болмақ. Болжамға қарағанда, арасында сунниттер де бар, халықтың бәрі бұл сайлауда дауыс беруге ынталы, - дейді АҚШ қорғаныс министрі.
Дональд Рамсфельдті ресейлік әріптесі Сергей Иванов та қолдайтындай.
- Меніңше, негізгі өлшем - Ирақ сайлауында барынша көп адамның қатысуы. Әрине, лаңкестер сайлауға азаматтарды жібермеуге, сайлау қарсаңында, тіпті сайлау күні террорлық шабуылдар ұйымдастыруға бар күшін салады, - дейді Ресей қорғаныс министрі.
Бүлікшілдер соңғы апталардың өзінде сайлауға қарсылық ретінде жергілікті және саяси басшылықтан ондаған жетекшіні өлтіріп үлгірді. Бүлікшілдердің қаһарлы ескертулерінен кейін Анбар уалаятынан сайлау комиссиясының 13 мүшесі ол жұмыстан бас тартқан.
Қаңтардың 30-ындағы сайлау табысты болса жаңа Ұлттық ассамблея Ирақтың жаңа үкіметін құрмақ. Сондай-ақ, Саддам Хұсейннен кейінгі ассамблея жаңа конституцияны жазатын арнайы топты таңдайды.