Accessibility links

Я.Сариуш-Вольски (Еуропарламент): “Біз Украинаға ЕуроОдаққа мүше болу мүмкіндігін беруіміз керек”


Кеше Еуропа парламенті Украинадағы оппозиция лидері В.Ющенконың президент болып сайлануына қолдау білдірді. Ол жөніндегі қаулыда “Украина халқының өз президентін еркін сайлау құқы мойындалып, жүзеге асты” делінеді. Еуропарламенттың Польшадан сайланған вице-спикері Ясек Сариуш-Вольски: “Біз Украинаға ЕуроОдаққа мүше болу мүмкіндігін беруіміз керек. Бұл Украинаның саяси-экономикалық реформаларын қарқынды жүргізуіне ынталандырады. Бұл біздің мүддемізге және бүкіл Еуропадағы демократияның мүддесіне жауап береді”, -деп мәлімдеді. Еуропарламенттің өзге мүшелері Украинаны мүшелікті қабылдауға әлі ерте, оның орнына екі арадағы байланысты нығайту керек дегенді ұсынды.
XS
SM
MD
LG