Accessibility links

Ачехта жұқпалы аурулардың таралып кету қаупінің алды алынды, дегенмен қауіп те бар


БҰҰ-ы халықаралық көмек-қолдау беруші ұйымдар Индонезияның цунами апатынан ең көп зардап шеккен Ачех аймағында жұқпалы аурулардың кең таралып кетуінің алдын алды, алайда қауіп бұлты әлі сейілген жоқ деп айтқан. Бас хатшы Кофи Аннанның арнайы өкілі Маргарет Уалстром Ачехта түрлі жұқпалы дерттердің етек алмауын қадағалау әрекеті баяуламауы тиіс деп атап көрсеткен: -Бұл жерде әзірге дабыл қағатындай жағдай жоқ, дегенмен біз бұл бағыттағы күш-жігерді бәсеңдетпеуіміз керек. Ондағы аман қалған адамдарың денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатер бар, олардың бәрі де қажетті шараларды қабылдап үлгерді деуге келмейді,- деген. 26 желтоқсанда болған цунами апатынан кейін, Ачехтың өзінде 700 мыңнан астам адам баспанасыз қалса, Үнді мұхиты жағалауындағы және Шығыс Африканың бірқатар елдерінің 160 мыңнан астам адамы апат құрбаны болды.
XS
SM
MD
LG