Европа ғарыш агенттігінің Хюугенс зерттеу кемесі жеті жылдық сапардан кейін, Сатурнның ең үлкен серігі -Титан атмосферасына сәтті енді. Ғалымдар ең бір күрделі деген қадам табысты жүзеге асты дейді.
Салмағы 320 килограм болатын ғарыш кемесінің бортындағы камералар мен күрделі аппараттар Титанның бет қыртысынан алынған дерек -ақпараттарды Хюугенсті жерден алып барған Кассиниге бағыттайтын болады.
Кассини өз кезегінде бұл радиоақпараттарды жердегі ғалымдарға жібереді. Ғалымдар Титанды күн жүйесіндегі атмосфералық қабаты бар бірден -бір планета деп есептейді. Ондағы химия-органикалық процестер Жер бетінде тіршіліктің басталғанынан хабар беретін процестерге ұқсас дейді зерттеушілер.
3 миллиард 300 миллион доллар тұратын Кассини-Хюугенс АҚШ пен европалық-италияндық ғарыш агенттіктерінің бірлескен қызметі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?