Accessibility links

Палестиндік жаугерлер Газа секторындағы басты өткізу бекетінде алты израилдықты өлтірген


Израилдықтар өз солдаттары бақылау-өткізу бекетіндегі израил-палестин арасын бөліп тұрған қабырғаны тесіп өту үшін көлік бомбасын жарған үш адамды опат етті деп айтқан. Израил сырты істер министрінің өкілі Даниел Тоб былай дейді: -Бұл шабуылдар палестиндік террорлық топтардың палестин халқының жағдайын ойламайтындығының дәлелі. Карни өткізу бекеті Израилдан палестиндіктерге азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақ өткізілетін басты орын. Міне осы жерде Хамас, әл-Ақса топтарының болуы олардың мұны жаптыруға мүдделілігін байқатады. Хамас тобын қосқанда үш бірдей жаугерлік топтың мұндай қадамдарға баруы Палестиннің жақында сайланған президенті Махмұд Аббастың шабуылдардан бас тарту жөнінде айтқанынан кейін болды. Сондай-ақ Хамас тобының жетекшісі де радикалды ислам тобы Израилға қарсы шабуылдарды тоқтату мәселесін қарастыруы мүмкін деп айтқан соң, бір сағаттан кейін орын алды. Израил Палестина өз тарапынан қауіпсіздікті жақсартпаса, шекарадағы терминалды жабамыз дейді. Дегенмен де, Әділет министрі Тзайпи Ливни Израил Аббастың террорлық ұйымдармен жұмыс істейміз деген күш-жігерін нығайтуға үлес қосқаны жөн дегенді айтқан.
XS
SM
MD
LG