Индонезия Қорғаныс министрі Жюоно Сударсононың айтуынша, үш айға белгіленген мерзім кесімді уақыт есебі емес еді. Яғни наурыздың 26-сынан кейінгі уақытта да әскери көмек күштері елге қажет болуда. Ресми деректерге қарағанда Ацех провинциясы мен солтүстік Суматрада 114 мың 978 адам қаза болған екен.