Жексенбі күні АҚШ армиясы 30 қаңтардағы сайлау қарсаңында Мосулдағы ахуалды түзеу мақсатында қалада тінту жүргізіп, 11 көтерілісшіні, оның ішінде топ жетекшісін қолға түсіріп, қару-жарақ пен бомбаны және бомба жасайтын материалдарды тәркіледі. АҚШ армиясының жүзеге асырып жатқан жазалау шараларына қарамастан, көтерілісшілердің тосын шабуылдары одан әрі жалғасып, кеше Ирақ полициясы мен өзге 17 кісі қаза тапты, оның ішінде алдағы сайлауға үміткер болып түсу үшін тіркелген 1 әйел – Бағдадтың орталығында полиция киімін кигендердің құрған тозағына тап болды.