Accessibility links

Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобы Израильмен уәжге келу мүмкін емес деп отыр


Палестинаның жаңа президенті Махмуд Аббас экстремистік ұйымдардың лидерлерімен Израильге қарсы шабуылдарды доғаруға көндіру үшін келіссөз өткізеді. Кеше М.Аббас Автономияның қауіпсіздік күштеріне Израиль азаматтарына қарсы шабуылдарды тыюға бұйрық беріп, Израиль премьер-министрінің өкілі оны “дұрыс бағыттағы алғашқы қадам” деп бағалады. М.Аббастың берген бұйрығын іле-шала палестиндік “Хамас” тобы Израиль басып алған Газа аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауы толық азат етілмей, Тель-Авивпен уәжге келу мүмкін емес деп отырса, “Ислам джиһады” ұйымының лидері – “диалог арқылы дағдарысты шешуге болар” деген үмітін жасырмады.
XS
SM
MD
LG