БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан әлем қауымдастығы цунами апатынан тиісті сабақ алу керек деп үндеу айтты. Аннанның сөзі апаттардың алдын алу мәселелеріне арналған БҰҰ конференциясында жарияланды бүгін. Бескүндік жиналыс Жапонияның Коби қаласында басталды, осыдан он жыл бұрын мұнда жерсілкінісінен алты мыңнан астам қаза тапқан болатын. Конференция Үнді мұхитында цунами апатын алдын-ала ескертетін жүйе қалыптастыру мәселеріне арналады. 26-шы желтоқсанда болған цунами апатынан аймақта 175 мыңнан астам қаза тапты, миллиондаған адам баспанасыз қалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?