АҚШ сыртқы істер министрлігіне ұсынылған Кондолиза Райс президент Джордж Буштың екінші мерзім қызметінде елдің сыртқы саясаты белсенді дипломатия сипатын алады деді. Бостандықты қамтамасыз ету мақсатымен әлемде биліктер теңдігін қамтуға ұмтылыс жасау қажет делінді. Райс бүгін және ертең сенаттың сыртқы істер комитетінде сұрақтарға жауап бермек, оның кандидатурасы қаралмақ. Оппозициядағы Демократиялық партия өкілдері Ирақ соғысы жайында өткір сұрақтарды қоятын көрінеді. Ирақта жойқын қару бар деген айыптарда Кондолиза Райстың ұлттық қауіпсіздік кеңесші ретінде үлесі қандай болды деп сұралуы ықтимал.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV