Сот президенттік сайлаудағы қайта дауыс беруде Ющенкодан жеңіліс тапқан бұрынғы премер-министр Виктор Януковичтің арыздарын қарап, талықлауды аяқтауға тиіс.
Кеше сот ресми газеттердің 26 желтоқсанда өткен соңғы дауыс беру нәтижесін бейсенбіде жариялауға мұрсат етті.
Талдаушылар болса, бұл Ющенконың жолы ашылуына жасалған негізгі қадам деп айта бастады.
Янукович соттың обьективтілігіне күмән келтіруде. Кеше Украинаның оңтүстігі- Донецкіде Януковичтің мыңдаған жақтастары шеруге шықты.
Янукович қарашада өткен алғашқы сайлауда жеңімпаз деп жарияланғанымен, Жоғарғы сот ол шешімді бұрмалаушылықтар болды деп, жарамсыз деген шешім шығарған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?