Бүгін 400-ге жуық адам Бішкекте бұрынғы елшілерге ақпан айындағы парламент сайлауына үміткер ретінде түсуіне тыйым салған өкімді Жоғарғы соттың күшінде қалдырған кешегі шешіміне наразылық білдіріп шеруге шықты. Қырғыз оппозициясының бірлестігі президент А.Ақаевтан биліктен кетуін және Орталық сайлау комиссиясының басшылығын қызметтен аластатуын талап етті. Оппозиция лидерлері, сондай-ақ, сайлау заңына жуырда енгізілген өзгерістерді жоюды талап етеді. Ол өзгерістерге сәйкес, дауысқа түсетін үміткерлер сайлаудың алдында 5 жыл бойы елде тұруға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес