Accessibility links

Пәкістанда қазақ дипломатына қастандық жасалды


Пәкістан астанасында қазақ диптоматын өзі тұрып жатқан үйінде атып, жаралап кетті. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Масуд Хан Сапарғали Әубәкіров деген дипломаттың Қазақстан елшілігінде кеңесші лауазымын атқаратынын хабарлады. Оның атап көрсетуінше, бұл қастандықты кімнің және қандай мақсат-мүддемен жүзеге асырғаны әзірше белгісіз. Жаралы дипломатты таңертең елшілік қызметкері байқаған. Исламабадтан келіп түскен хабарға қарағанда, Сапарғали Әубәкіровтің автокөлігі орнынан табылмаған.
XS
SM
MD
LG