Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың мемлекеттік хатшылығына үміткер Кондолиза Райс ханымның “Ресейде тоталитаризмге қарай кейін шегіну үрдісі жүріп жатыр” деген пікірін жоққа шығарып, Мәскеу орынды сынға құлақ түруге қашан да дайын деп мәлімдеді. Сейсенбі айтқан сөзінде Райс ханым Ресейде баспасөзге шектеу қойылып, Кремльдің аймақ әкімдерін тағайындау туралы заң қабылдауын сынға алды. С.Лавров бұл Ресейдің ішкі ісі” деп атап көрсетті және, оның өз сөзімен айтқанда, “бізді қырғиқабақ соғыс заманына қайтаруды көздейтін сынмен Мәскеу ешқашан келіспейді” деп мәлімдеді.
С.Лавров (Ресей): “Бізді қырғиқабақ соғыс заманына қайтаруды көздейтін сынмен Мәскеу ешқашан келіспейді”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты