Украинаның Жоғарғы соты желтоқсанда қайта өткізілген президенттік сайлауда Ющенкодан жеңіліс тапқан Януковичтің талап- арыздары бойынша қорытынды тыңдаулардан кейін шешім шығаруға кетті.
Сот шешімі батысшыл реформатор Виктор Ющенконың жақын арада президенттік міндетіне кірісуіне мүмкіндік туғызар белгі болар еді. Соттың нақты қашан шешім қабылдайтыны айтылған жоқ, дегенмен де оның кейін көп кешікпеуі мүмкін. Жоғарғы сот тараптардың әрқайсысының дәлел-дәйектерін тыңдауға екі сағаттан уақыт бөлген.
Бұдан бұрын сот ресми газеттердің 26 желтоқсанда өткен сайлау натижесі туралы шешімді бейсенбіде жариялауына рұхсат еткен болатын.