Accessibility links

Қырғызстан парламентіне сайлануға бұрынғы төрт елшіге жол ашылды


Қырғызстан парламенті бұрынғы төрт елшіге парламенттік сайлауға қатысуға жол ашатын өзгерісті қабылдады бүгін. Өзгеріс заңына президент Асқар Ақаев 30 күннің ішінде қол қою керек, заң сонда күшіне еңеді. Алайда, парламенттік сайлауға тіркеу ертең аяқталады. Сайлау 27-шы ақпанда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы оппозицияға өткен төрт елші Роза Отынбаева, Үсен Сыдықов, Медетқан Шерімқұлов және Қырғызстан парламенті бұрынғы төрт елшіге парламенттік сайлауға қатысуға жол ашатын өзгерісті қабылдады бүгін. Өзгеріс заңына президент Асқар Ақаев 30 күннің ішінде қол қою керек, заң сонда күшіне еңеді. Алайда, парламенттік сайлауға тіркеу ертең аяқталады. Сайлау 27-шы ақпанда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы оппозицияға өткен төрт елші Роза Отынбаева, Үсен Сыдықов, Медетқан Шерімқұлов және Мамбетжүніс Абыловты сайлауға тіркемей қойған. Бұл төртеуі Қырғызстанда соңғы бес жылда тұрған жоқ деген сылтау айтылды. Ал бұл төртеуі болса біз шетелдерде Ақаевтың бұйрығымен елшілік қызметте жүрдік дейді. Қырғызстан парламентінің жанында бүгін ереуіл жалғаса түсті, төрт бұрынғы елшіні қолдауға 30 шақты адам келді.
XS
SM
MD
LG