Accessibility links

Достымды жас азамат өлтірмек болды


Ауғанстанда бұрынғы генерал, жергілікті өзбек қауымдастығының басшысы Абдұл Рашид Достымға қастандық жасалды, ол аман қалды. Оқиға Шеберған қаласында орын алды. Намаздан шығып келе жатқан бұрынғы қолбасшы Достымды бір жас азамат өлтірмек болды, ол бомбасын киімінің астында жасырған екен. Аурухана дәрігерінің айтуынша, шабуылшы өзі қаза тапты, 25 адам жараланды, олардың бесеуі ауыр халде. Достым осыдан үш жыл бұрын АҚШ әскерлеріне атсалысып, Талибан үкіметін құлатуға көмектескен. Достым былтыр Ауғанстан президенттігіне түскен болатын, алайда Хамид Қарзайдан ұтылып қалды.
XS
SM
MD
LG