Сөйтіп бұрын елші болған оппозицияның төрт өкіліне енді 27 ақпанда болатын Парламент сайлауына қатысуға мүмкіндік туды. Алайда президент қол қоймайынша, ол өзгерістер күшіне ене алмайды.
Ал парламенттің төменгі палатасының спикері Әбдіғани Еркебаев президент Ақаевтың бұған қол қоймауы да мүмкін деген.
Сәрсенбі күні Бішкекте бұрынғы елшілердің сайлауға қатысуына мүмкіндік беруді талап етіп өткізілген наразылық шеруін ұйымдастыруға көмектесті деген айыппен оппозицияның екі мүшесін полиция шақырған.