Accessibility links

Иран экономистері парламентті “елді ұзақ мерзімді дағдарысқа ұрындыратын” қадамдардан бас тартуға шақырды


Иранның көрнекті 15 экономисі бүгін кертартпа депутаттар басым ұлттық парламентті оның экономикалық проблемаларды шешу үшін ұстанған саясаты “күйзеліске” соқтырады деп ескертті. Иран студенттерінің ISNA баспасөз агенттігі таратқан мәлімдемеде университеттердің жетекші ғалымдары елдегі инфляцияны ауыздықтауға бағытталған атүсті шараларына қарсы шығып, парламент мүшелерін “елді ұзақ мерзімді дағдарысқа ұрындыратын” ондай қадамдардан бас тартуға шақырды. Осы айдың басында Иран парламенті инфляцияны ауыздықтау мақсатында отын, су, электр жарығы, байланыс және пошта қызметінің бағасы сынды тарифтерді көтеруге тыйым салатын заң қабылдады.
XS
SM
MD
LG