Солтүстік Осетияда өткен жылғы “Беслан трагедиясы” кезінде туған-туысқандарынан айрылған 150-ге жуық адам “Кавказ” автожолындағы наразылық шарасын уақытша доғарды. Наразылыққа шыққандар Солтүстік Осетияның президенті Александр Дзасоховты биліктен түсіріп, Бесландағы террористік қастандықтың жай-жапсарына халықаралық тергеу жүргізілуін талап етіп отыр. Егер өз талаптары орындалмаған жағдайда, шерушілер сейсенбі Солтүстік Кавказдың негізгі автожолын бөгейтінін ескертті.