Accessibility links

Ауғанстанда көкжөтел мен қызылшадан кем дегенде 28 сәби құрбан болды


Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі хабарлағандай, өткен аптада Орталық Ауғанстанда көкжөтел мен қызылшадан кем дегенде 28 сәби құрбан болды. Саид Мухаммад Әмин Фатеми атап көрсеткендей, денсаулық сақтау министрлігі әлгі дерттердің эпидемиясы шыққан Урузған өлкесінің Деһ-Рауид және Дай Кунди өлкесінің Гезад ауданына әуемен дәрігерлердің бригадасы мен медициналық құрал-жабдық жіберілген. Аталған екі өлке – Ауғанстанның ең алыс және кедей аймақтары
XS
SM
MD
LG