Accessibility links

А.Аллауи (Ирақ) 30 қаңтарға тағайындалған ұлттық сайлау елдегі қантөгісті ауыздықтайды деп үміттенеді


Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи бүгін Лондонда ВВС-ге бүгін берген сұхбатында 30 қаңтарға тағайындалған ұлттық сайлау елдегі қантөгісті ауыздықтайды деген үмітін білдірді. Оның атап көрсетуінше, Ирақ саяси процестерді әрі қарай жалғастырып, демократияға жылжуға бел буып отыр. Бірақ АҚШ бастаған халықаралық күштерді Ирақтан шығаруға тым ерте. Атышулы иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи Ирақта 30 қаңтарға белгіленген сайлауды болдырмауға ант-су ішіп отыр. Интернеттегі ислам сайттарының бірінде Әз-Зарқауидің дауысы деп бір үн берілді. Онда белгілі лаңкес Ирақтағы сайлаудың мақсаты – билікке, оның өз сөзі бойынша, “кәпір” болып саналатын шийттерді отырғызу көрінеді. Сайлау алдында Ирақтың уақытша үкіметі қауіпсіздіктің қосымша шараларын қабылдады. 29-30 қаңтарда Бағдад әуе жайы жабылып, көптеген қалада комендант тәртібі орнатылады. Сайлау күні автокөлік қатынасына шектеу қойылады.
XS
SM
MD
LG