Бүгін Грузия мен оның сепаратистік Оңтүстік Осетия республикасының ресми өкілдері кісі ұрланған бірқатар оқиғаның екі арадағы қарым-қатынасты ушықтырып жіберуіне байланысты бүгін кездесті. Оның алдында грузин премьер-министрі Зураб Жвания сепаратистік Оңтүстік Осетияға ұрлап әкетілген полиция қызметкерін босату үшін Тбилисидің күш қолданбайтынын мәлімдеді. Оңтүстік Осетия жағы әлгі грузин полицейін Грузия түрмелерінде отырған үш осетинге айырбастап алуды көздеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?