Accessibility links

Ресей Мемлекеттік думасының 5 депутаты мүгедектерді қолдап жұма күні аштық жариялады


Ресейдегі мыңдаған зейнеткердің әлеуметтік жеңілдіктерді заң бойынша ақшалай өтемақымен алмастыруға қарсы наразылық білдіруін қолдап, Ресей парламенті – Мемлекеттік думаның құрамындағы ұлтшыл “Родина” партиясы фракциясының жетекшісі Дмитрий Рогозин мен тағы 4 депутат жұма күні аштық жариялады. Олар жолаушы көліктерінде тегін жүру мен тегін дәрігерлік көмек сынды әлеуметтік жеңілдіктерінен айрылған зейнеткерлер мен мүгедектердің наразылығын осылайша қолдағандарын білдіруде. Зейнеткерлер мен мүгедектер төленетін өтемақы осыған дейінгі жеңілдіктердің шығынын қамтымайды.
XS
SM
MD
LG