Сейсенбі күні Страсбургтегі Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Украина елбасы Виктор Ющенко өз елінің ұзақ мерзімге арналған мақсаты-Еуропа одағына мүшелікке өту екендігін айтты. “Келер бес жылда біздің елімізде жүргізілетін өзгерістер жөнінде менде айқын жоспар бар. Ол жоспардың егжей-тегжейлері жөнінде мен қазір айтпаймын. Мен тек ол мақсаттың елдің сыртқы саясатындағы стратегиялық бағытына негізделгендігін ғана еске салмақшымын. Ол мақсат-Еуропа одағына мүшелік”,- деді Ющенко мырза. Сондай-ақ елде демократиялық реформалардың жүзеге асуына бар мүмкіндігін жұмсайтындығын ол айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі