Ирақтың сот өкілі мен оның баласын сейсенбі күні қарулы топ атып кеткен. Сондай-ақ түрлі шабуылдар барысында кем дегенде 5 полиция қызметкері өлтірілген. Сайлалуар қорытындысы болса, 10 күн ішінде жарияланбақшы. Бұл жөнінде Ирақ Сайлау орталығы өкілдері хабарлап отыр. Шетелдерде тұратын ирақтықтар арасында сайлаулар қазірдің өзінде жүргізілуде. Әлемнің 14-тей елінде тұратын, шамамен 256 мыңдай емигрант ирақтықтар дауыс беру үшін тіркелген еді. Ирақтағы сайлаулар аса қатаң қауіпсіздік шаралары жағдайында өтпекші. 14 миллион 200 мыңдай Ирақ азаматтары дауыс беруге хұқылы. Ресми өкілдер сөзіне қарағанда 6 мыңдай сайлау бекеттері жұмыс істемекші.
Алдағы жексенбіде Ирақта болатын сайлаулар қарсаңында күш қолданулар одан әрі өрістей түсуде
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?