2001 жылы қыркүйек айының 11-і күні АҚШ-та болған террорлық оқиғалардан соң құрылған бұл комитеттің бұған дейінгі отырыстары 2003 жылы Нью-Иоркте және Вашингтонда, ал үшіншісі 2004 жылы Вена қаласында өткен болатын.
Комитеттің атқарушы директоры Хуан Руперестің айтуынша, осы жолғы Алматы отырысында лаңкестікке қарсы өзекті мәселелер, атап айтқанда, халықаралық антитеррорлық құралдарды жетілдіру, лаңкестікті қаржыландыруға жол бермеу, аймақтық лаңкестікке қарсы орталықтардың жұмысын жетілдіру, заңсыз қару-жарақ саудасы және есірткі айналымына қарсы күрес секілді тақырыптар екі күн бойы талқыланбақшы.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің лаңкестікке қарсы комитеті отырысының ашылуына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.
- Қазақстан лаңкестіктің алдын алу және сенім шаралары жүйесін құруға талпынып жатқан аймақтық құрылымдарды қолдауға бағытталған БҰҰ-ның бағыт-бағдарын толық қолдайды, - деп мәлімдеді президент Назарбаев.
Ол өз сөзінде Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігімен тығыз байланыста, ал бұл бүкіл әлемдік қауіпсіздіктің бір бөлшегі екенін еске салды.
- Терроризм мен экстремизм проблемалары Қазақстанды айналып өткен жоқ, сондықтан да терроризмге қарсы күресу - бұл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтаудағы басты міндеттердің бірі, - деді Қазақстан президенті.
Қазақстан бүгінгі күні БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жөніндегі 12 конвенциясына қосылған. Қазақстанда ұлттық антитеррорлық орталық құрылып, дәл осындай аймақтық және халықаралық орталықтармен бірлесіп жұміс істеп отыр. Президент Назарбаевтың айтуынша, қазір Қазақстан парламенті «Экстремизмге қарсы күрес туралы» заң жобасын қарап жатыр.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетінің төрағасы Андрей Денисовтың айтуынша, терроризм қаупі алдағы жылдары мүлдем сейілмейді, алайда осы қауіпті азайту үшін халықаралық қауымдастық болып жұмылу қажет, тек сонда ғана оны шектеуге болады.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің лаңкестікке қарсы комитеті 15 мүшеден құралады. Айналмалы негіздегі төрағасы және оның үш орынбасары сайланып отырады. Қазіргі уақытта комитетке Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Андрей Денисов төрағалық етеді. Алматыда сәрсенбіде басталған отырыстың түстен кейінгі мәжілісі БАҚ өкілдерінсіз жабық есік жағдайында өтті.