Accessibility links

Түрікменстан сыртқы істер министрінің айтуынша, мұнайға бай Каспий жағалауындағы 5 мемлекет арасындағы заңдық құқ мәртебесі жөніндегі соңғы келіссөздер бұл аймақтағы дау-дамайды шешуге көмектеспек


Министр бұл жөнінде Түрікменстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей жане Иран елдерінен ресми өкілдердің Ашғабат кездесуінен соң мәлімдеген. Бірақ ол келіссөздерге қанағаттанбаса, Түрікменстан БҰҰ жане өзге халықаралық ұйымдарға шағымданбақ. Ал әзірше түрікмендер Сердар деп атайтын мінай кеніші бойынша Әзірбайжан арасында шешеіле қоймаған үлкен дау бар. Түрікмендер ол кенішті дамыту үшін Канадалық компания мен келісіп қойғанымен Әзірбайжан жағы түбегейлі қарсы болып отыр. Бұл арада Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев өзінің Ирандағы 3 күндік сапарын бүгін айақтайды.
XS
SM
MD
LG