Палестина елінің жаңа президенті Махмұд Аббастың бұйрығымен атқарылмақ бұл шараның мақсаты - қарулы шабуылдарды тоқтатып, Израильмен болатын бейбітшілік келіссөздерінің жалғастырылуына жол ашу. Израиль бас министрі Ариель Шарон Махмұд Аббастың бұл ол әрекетіне жоғары баға беріп отыр.
- Бұл жағдай Израиль мен Палестинаның бейбітшілік және қауіпсіздік жолындағы болашақ жоспарларына дұрыс жол ашады деп сенемін, - деген Ариель Шарон.
Бұл арада, İсламшыл Хамас тобы бейсенбі күнгі жергілікті, қала, аудандық сайлауларда Ғаза аймағында табысқа жеттік деп мәлімдеген. Хамас тобынан өкіл ал-Масридің айтуынша, олар 10 ауданның жетісінде жеңіске жеткен.
- Бұл басқыншылықта өмір сүріп жатқан палестин халқының шын жеңісі. Сайлау көрсеткеніндей, халқымыз жаңа реформалық өзгерістерді қалайды. Бұл Хамастың көтерген мәселесі, және оны іске асыра алады,- деген Хамастық өкіл ал-Масри.