Accessibility links

М.Аббас Мәскеуде В.Путинмен Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мәселесін талдайды


Палестинаның жаңа президенті Махмуд Аббас бүгін Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мәселесін Ресей президенті В.Путинмен талдау үшін Мәскеуде сапарда жүр. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі А.Яковенко М.Аббастың Палестинаның қауіпсіздік күштерін реформалап, Израильге қарсы экстремистік және террористік шабуылдарды ауыздықтау мақсатындағы іс-әрекетіне жоғары баға берді. А.Яковенко, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы жанжалды басуға бағытталған “Жол картасы” жоспарының жүзеге асуын Мәскеудің қолдайтынын тағы да қайталады.
XS
SM
MD
LG