Accessibility links

Нацистердің “еңбек лагерлерінің” бұрынғы тұтқыны Э.Кишон 80 жасында қайтыс болды


“Холокост қасыретінен” аман қалған еврей әрі өзге тілдерге көп аударылған шығармалардың авторы Эфрайм Кишон – 80 жасында Швейцариядағы үйінде қайтыс болды. Оның ұлы – Рафаэльдің айтуынша, әкесі жүрегі қысылып сенбі күні кешкісін көз жұмған. Ол Израильде жерленуге тиіс. Эфрайм Кишон – нацистердің “еңбек лагерлерін” бастан кешіп, туып-өскен Мажарстаннан Израильге 1949 жылы қоныс аударып, еврей газеттерінде саяси және әлеуметтік тақырыптарға көптеген сатирасын жариялады, кейін жаңа Израиль мемлекетінің өмірі туралы жазған кітаптарымен кең танылды.
XS
SM
MD
LG