Грузия президенті М.Саакашвили сепаратистік Абхазия республикасының басшылығымен келіссөзін қайта жалғастыруға дайын екенін мәлімдеп отыр. Оның атап көрсетуінше, ресми Тбилиси Абхазияға әрқашанда автономиялық кең құзыр ұсынып келді және Абхазияны мекендейтін барлық ұлттың құқықтарына кепілдік беруге дайын. Абхазия іс жүзінде 1991 жылғы қантөгіс жанжалдан кейін Грузия құрамынан шықты. М.Саакашвили Грузияның территориялық біртұтастығын қалпына келтіремін деген үндеумен осыдан 1 жыл бұрын билікке келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?