Accessibility links

А.Шарон (Израль) мен М.Аббастың (Палестина) кездесуі 8 ақпанға жоспарланып отыр


Жексенбі күні Иерусалимде Израиль премьері Ариэль Шаронның еврей қоныстарын Палестина жерінен көшіріп алып кету жоспарына қарсы наразылық шеруі болып өтті. Шеруге шыққан 100 мыңға жуық адам осы мәселе бойынша референдум өткізілуін талап етті. Осы күні Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы бірқатар қаладан Израиль әскері шығарылып, ол қалалар Палестинаның қауіпсіздік күштерінің қадағалауына өтетінін хабарлады. 8 ақпанға Израиль премьері А.Шарон мен Палестина лидері Махмуд Аббастың кездесуі жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG