Accessibility links

Британ премьері Ирақта қаза болған 10-15 жауынгердің туыстарына көңіл айтты.


Ұлы Британияның қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, кеше Ирақта британдық әскери жүк ұшақ апатқа ұшырап, одан 10-нан 15-ке жуық британ жауынгері қаза болды. Алайда қорғаныс министрлігінің өкілдері “Геркулес-К-130” жүк ұшағының апатқа ұшыраған себептерін хабарламай отыр. Британ премьер-министрі Тони Блэр қаза болғандарға “ержүрек, еліне жанымен берілген, кәсіпқой, өз елінің атынан аса қиын жұмыстарды атқарған британ армиясының нағыз бейнесі...”, -деп бағалап, олардың туған-туысқандарына көңіл айтты.
XS
SM
MD
LG