Аббас мырза Таяу Шығыстағы бейбіт үдерістерге Ресейдің маңызды үлес қосатындығына палестиналықтардың сенетіндігін айтты. “Жол картасы” деп аталатын бейбіт жоспарды жүзеге асыруда Ресей, Құрама Штаттары, Еуропа одағы және БҰҰ-ы ара ағайындық етуші “төрттік” топтың мүшелері боп табылады. Күн соңына қарай Аббас мырза елбасы Владимир Путинмен кездесті.