Accessibility links

БҰҰ-ының комиссиясы Судан үкіметі мен оған жақын қарулы жасақ Дарфур өлкесіндегі ұлтты жүйелі түрде шеттетіп келді деп санайды


БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі тағайындаған арнайы комиссия Африкадағы Судан елінің үкіметі мен оған жақын қарулы жасақ Дарфур өлкесіндегі ұлтты жүйелі түрде шеттетіп келді деп санайды. Бірақ, деп ескертеді комиссия, Судан үкіметін Дарфур өлкесінде геноцид саясатын жүргізді деп айыптауға болмайды. Аталмыш комиссия өз баяндамасында кейбір топтың, оның ішінде Судан үкіметінің кейбір мүшелерінің іс-әрекетін геноцид деп бағалауға да болады, бірақ олардың жауаптылығын құзырлы сот шешуге тиіс екенін атап көрсетеді. Өткен жылы АҚШ Дарфурдың бейбіт халқына қырғын салуды “геноцид” деп бағалаған болатын.
XS
SM
MD
LG